Мәзір
15 қаңтар, 2025 / JariaLike / Аймақ

Атырау облысында балық шабағына қырылу қаупі төнді

 Атырау облысындағы Бақсай каналында балық шабағына қырылу қаупі төнді. Әзірге 180 мың шабақ құтқарылған, деп хабарлайды сайт тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Атырау облысында балық шабағына қырылу қаупі төнді Атырау облысында балық шабағына қырылу қаупі төнді
azattyq-ruhy.kz

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, оқиға 13 қаңтарда Х.Ерғалиев ауылының тұсында анықталған. 
Ресми ақпаратқа сенсек, кеше, 14 қаңтарда өзара іс-қимыл схемасына сәйкес арнайы топ құрылып, оқиға орнына барды.
– Топ құрамында инспекцияның, Экология департаменті мен Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, ветеринариялық қызмет пен балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері бар. Каналдан 180 мыңға жуық шабақ құтқарылды. Зертханалық талдау жүргізу үшін су мен балық шабағынан сынама алынды, – деп хабарлады инспекциядан.
Инспекцияның мәліметінше, балық шабақтарының қырылуының алдын ала екі себебі бар. Біріншісі – канал суында оттегінің жетіспеушілігі, екіншісі – мұз қатуы.
– Белгіленген тәртіпке сәйкес өлген шабақтарды жою жұмысы қолға алынды. Жойылған шабақтардың саны кейін хабарланады. Қазір каналдағы ахуал бақылауға алынды, - деп мәлім етті инспекциядан.

Көп оқылды: