Мәзір
25 қараша, 2024 / JariaLike / Күн-Жария

QR-дағы құндылық

Жас зерттеуші Аяулым Маратқызы республикалық деңгейде танымал Ғылым Ордасында орналасқан мұражайдың тарихи-мәдени жәдігерлерінің сақталуын,дизайн ерекшеліктерін және олардың тарихи мәнін зерттеп жүр

QR-дағы құндылық QR-дағы құндылық
ашық дереккөз

Халықтың тарихы мен өнерінен сыр шертетін музейдегі мұралар өскелең ұрпақтың тәрбиесін, тарихи санасын, мәдениетін қалыптастыратын құндылық екені белгілі. Қазірелімізде мұражайлар туралы зерттеу түгіліоған баратын мектеп жасындағы жастар аз. Ал Алматы қаласы №24 лицейдің 9 сынып оқушысы Аяулым Әмірханова бұған басқа қарайды. Бір сөзбен айтқанда, оны қазір жас музейтанушы деуге де болады. Ол – туған өлкесінің географиясы мен тарихына үлкен қызығушылықпен қарайтын оқушылардың бірі.

Жас зерттеуші Аяулым Маратқызы республикалық деңгейде танымал Ғылым Ордасында орналасқан мұражайдың тарихи-мәдени жәдігерлерінің сақталуын,дизайн ерекшеліктерін және олардың тарихи мәнінзерттеп жүр.

Ғылыми жетекшісі Қанипа Мұтанқызы жас зерттеушіге барынша қолдау көрсетіп,кішкентай болса да ғылымның дамуына өз үлесін қосса деп үміттенеді.

«Бүгінде жастардың мектепте жүріп ғылымға ден қоюы қуантарлық жайт. Жалпы жас зерттеуші Аяулымның тақырыбы «Ұлттық Ғылым академиясы мұражайының тарихы, дизайн ерекшеліктері» деп аталды. БұлОтан тарихы ғылымында өзекті тақырыптың бірі.Ол Ғылым ордасында орналасқанакадемик Қаныш Сәтбаев негізін қалаған «Табиғат және палеонтология» мұражайы, археолог Кемел Ақышевтың «Археология» мұражайы, сонымен қатар «Сирек кітаптар» мұражайын аралап қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсариннің 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулықтағы «Кел балалар оқылық!» өлең шығармасының түпнұсқасымен алғаш танысуы оқушыға керемет ой салды», дейді ғылыми жетекшісі.

    Сондай-ақ, ол Қазақстан ғылымының тарих мұражайының меңгерушісі Назира Дүйсенбаева, Ғылым ордасы мекемесінің ғылым жөніндегі директорының орынбасары Нұрлан Сейдінмен академияның құрылу тарихы мен дизайн ерекшеліктері әңгімелесіп,жәдігерлерді терең зерттеуге кіріскен.

    «Әзірге жасаған дүнием– мектепке мобильді QR кітапханасын ашу болды. «Мобильді QR кітапхана» арқылы мектепке келген ата-аналар, қонақтар, қызметкерлер, мектеп оқушылары бәрі де мұражайдағы экспонаттармен таныса алды. Кәдімгі мұражайда жүргендей, бірақ барып, көзбен көргенге не жетсін. Алда осындай кітапхана арқылы кез-келген мекеменің тарихы мен қызықты фактілерін дәлелдегім келеді. Қазірөскелең ұрпақтың гаджиттерге тәуелді болуына байланысты мен олардың қызығушылықтарын осындай рухани дүниеге танытқым келді», дейді жас талап Аяулым Маратқызы.

Айбын Атабай 

Көп оқылды: