Мәзір
Бүгін, 16:13 / JariaLike / Күн-Жария

«QazMed Volunteers» еріктілері қан тапсыру акциясын ұйымдастырды

Акцияның мақсаты — қоғамда қан донорлығы мәдениетін дамыту 

«QazMed Volunteers» еріктілері қан тапсыру акциясын ұйымдастырды «QazMed Volunteers» еріктілері қан тапсыру акциясын ұйымдастырды
Gov.kz

 

Астана қаласында Қан орталығы мен Астана медицина университетінің қолдауымен маңызды әлеуметтік акция өтті.

"Өмір тамшысы" шағын гранттар аясында өткен бұл іс-шара барысында 89 ерікті қан тапсырып, жалпы көлемі 31,5 литр қан жиналды. Бұл игі бастама - «QazMed Volunteers» еріктілер ұйымымен бірлесе жүзеге асқан жоба.

Акцияның мақсаты — қоғамда қан донорлығы мәдениетін дамыту, сондай-ақ жастар арасында еріктілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау болды. Қан тапсыру - адам өмірін құтқаруға бағытталған ең ізгі істердің бірі. Мұндай шаралар арқылы жастар өз жауапкершілігін сезініп, қоғамға нақты үлес қосады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай қайырымдылық бағытындағы жобалар жалғасын табады.

Көп оқылды: