Мәзір
Бүгін, 13:44 / JariaLike / Күн-Жария

Семейде сәбиін қоқысқа тастаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ал баланың анасы екі жылға сотталғанымен, рақымшылыққа байланысты жазадан босатылды.

Семейде сәбиін қоқысқа тастаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды Семейде сәбиін қоқысқа тастаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: inbusiness.kz

Семейде жаңа туған сәбиді қоқыс контейнеріне тастаған бұрынғы полиция қызметкері өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал баланың анасы екі жылға сотталғанымен, рақымшылыққа байланысты жазадан босатылды.

Іс материалдарына сәйкес, ақпан айының басында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылған.

Тергеу мәліметінше, 20 жастағы полиция қызметкері жүктілігін жасырған және үйінде босанған. Кейін нәрестені полицияда қызмет еткен жігітіне берген. Ер адам баланы көлігімен алып кетіп, қоқыс контейнеріне тастаған.

Сараптама сәбидің тірі туғанын, алайда біраз уақыттан кейін суықтан қайтыс болғанын анықтаған.

2000 жылы туған ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар ол полицияның аға лейтенанты арнайы атағынан айырылды.

Сәбидің анасы Қылмыстық кодекстің 100-бабы, яғни «Жаңа туған баласын анасының өлтіруі» бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық аясында ол жазадан босатылды. Әйел полицияның кіші сержанты арнайы атағынан да айырылды.

Сотталушылардың екеуі де кінәсін мойындамаған. Соған қарамастан, сот жиналған дәлелдерді айыптау үкімін шығаруға жеткілікті деп таныды.

Көп оқылды: