Мәзір
Бүгін, 02:33 / JariaLike / Күн-Жария

«Із»: өткеннің табы уақыттың өзінен де терең

Кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаны баяндамайды. Оның орнына адам жанының үнсіз өзгерісін сөйлетеді. «Із» – сондай туындылардың бірі.

«Із»: өткеннің табы уақыттың өзінен де терең «Із»: өткеннің табы уақыттың өзінен де терең
ЖИ көмегімен жасалған

Із

Өткен күннің күлкісі еді риясыз,
Бала шақты қимай-қимай қиясыз.
Жылдар-жылдар жамау-жамау мұң болып,
Санаңызға жыр жазады сиясыз…

Өткен күнді жаныңыздан өшірмей,
Көңіліңнің көктемдерін көшірмей.
Күндер-күндер күрең-күрең мұң болып,
Көкірегіңде толқып жатыр Есілдей…

Өткен шақтан өмір көріп алаңсыз,
Арманыңмен арпалыстың амалсыз.
Айлар-айлар ауыр-ауыр ой болып,
Өзіңізді қайдан іздеп табарсыз…

Өткен сәтте өңің қалып әжімсіз,
Қалай қарай бет бұрдыңыз қазір сіз?
Ойлар-ойлар құлаш-құлаш жыр болып,
Келер күнге көз саласыз тағы үнсіз…

14:14
03.08.2018

Автор: Мирас Әбіл (Мих)

Көп оқылды: