Күз ғой ол…
Жапырақ жауса несі бар,
Күз ғой ол.
Сарсаңға салса несі бар,
Қыз ғой ол.
Жылап алсаң несі бар,
Мұң ғой ол.
Мұңды төзім еңсерер,
Шың ғой ол.
Көзге сыймас сезім бар,
Сыр ғой ол.
Айтылмаған сөзі бар,
Шын ғой ол.
Мирас Әбіл
Адам өміріндегі кейбір құбылыстарды өзгерту мүмкін емес. Жапырақтың күзде түсуі қандай заңдылық болса, жүректің мұңаюы, сағынуы мен сүйіспеншілікті бастан кешіруі де сондай табиғи.
Күз ғой ол…
Жапырақ жауса несі бар,
Күз ғой ол.
Сарсаңға салса несі бар,
Қыз ғой ол.
Жылап алсаң несі бар,
Мұң ғой ол.
Мұңды төзім еңсерер,
Шың ғой ол.
Көзге сыймас сезім бар,
Сыр ғой ол.
Айтылмаған сөзі бар,
Шын ғой ол.
Мирас Әбіл