Мәзір
8 мамыр, 2026 / JariaLike / Кітапхана

Александр Блок поэзиясындағы мұң мен жалғыздық

«Кітапхана» айдарының алғашқы шығарылымы ХХ ғасыр поэзиясының көрнекті өкілі Александр Блок шығармашылығына арналады. Ақын поэзиясындағы уақыт, тағдыр, жалғыздық пен рухани ізденіс тақырыптары оқырманды терең ойға жетелейді.

Александр Блок поэзиясындағы мұң мен жалғыздық Александр Блок поэзиясындағы мұң мен жалғыздық
PIXABAY

Александр Блоктың бұл өлеңі 1901 жылы жазылған. Шығарма ақынның өміріндегі күрделі кезеңмен, сүйікті адамымен арадағы рухани дағдарыспен тұспа-тұс келеді. Символизм поэзиясының көрнекті өкілі ретінде Блок сыртқы табиғат көрінісі арқылы адамның ішкі күйзелісін, үмітсіздігін және жалғыздығын бейнелейді.

Өлеңдегі кең жазық, өртенген түбірлер, қара бұлт жапқан аңғар — бәрі де рухани қаңырауды меңзейді. Ақын үшін табиғат — жай фон емес, лирикалық кейіпкердің жан дүниесінің көрінісі. «Угрюмая тоска» тіркесі шығарманың негізгі эмоционалдық өзегіне айналады.

Шығармада қолданылған көркемдік тәсілдер де ерекше әсер береді. «Могила любви», «обгорелые пни» секілді метафоралар жоғалған сезімнің қайта оралмайтынын аңғартады. Ал «даль близка» оксюмороны өмірдің мәнсізденіп, алыс пен жақынның айырмасы жоғалған психологиялық күйді білдіреді.

Блоктың поэтикалық әлемінде «тоска» тірі бейне секілді әрекет етеді: ол «живет», «роет», «завоет», «умолкнет». Осы арқылы ақын адамның ішкі мұңын нақты әрі үрейлі образға айналдырады. Өлеңдегі аз қимыл, баяу ырғақ және қайталанатын лексика жалпы меланхолиялық атмосфераны күшейтеді.

Соңғы шумақ шығарманың философиялық түйіні іспетті. Өткен мен болашақтың бәрі «холодный и бездушный прахқа» айналған. Бұл — махаббаттың ғана емес, адамның үмітінің де көмілген сәті.

Александр Блок поэзиясы ХХ ғасыр басындағы рухани күйзелісті, адамның жалғыздық алдындағы дәрменсіздігін терең суреттей алған әдеби құбылыс ретінде бағаланады.

Кругом далекая равнина,
Да толпы обгорелых пней.
Внизу – родимая долина,
И тучи стелются над ней.

Ничто не манит за собою,
Как будто даль сама близка.
Здесь между небом и землею
Живет угрюмая тоска.

Она и днем и ночью роет
В полях песчаные бугры.
Порою жалобно завоет
И вновь умолкнет – до поры.

И всё, что будет, всё, что было, –
Холодный и бездушный прах,
Как эти камни над могилой
Любви, затерянной в полях.

Көп оқылды: