Мәзір
Бүгін, 21:06 / JariaLike / Күн-Жария

Бүгін көрнекті зерттеуші, музыкатанушы, мәдениет қайраткері Жарқын Шәкәрімнің туған күні.

Жарқын Шәкәрім – қазақ музыкасының жанашыры

Бүгін көрнекті зерттеуші, музыкатанушы, мәдениет қайраткері Жарқын Шәкәрімнің туған күні. Бүгін көрнекті зерттеуші, музыкатанушы, мәдениет қайраткері Жарқын Шәкәрімнің туған күні.

Бүгін қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, зерттеуші, музыкатанушы Жарқын Шәкәрімнің туған күні. Жарықтықтың қазақ руханиятына сіңірген еңбегі бір адамның ғұмырына сыймас байлықтай.

Жарқын Шәкәрім – бірнеше кітаптың авторы, ұлттық өнердің шынайы жанашыры. Ол әнші, актер Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, құнды еңбек жазды. 1976–1980 жылдары «Жалын» журналында редактор қызметін атқарып, әдеби-мәдени ортаға белсене араласты.

1980 жылы «Сазген» ансамблін ұйымдастырып, қазақтың дәстүрлі музыкасын жаңғыртуға айрықша үлес қосты. Сондай-ақ Қазақ ұлттық аспаптар музыкасы музейінің құрылуына ұйытқы болып, 1980–1982 жылдары осы музейдің директоры қызметін атқарды.

1974 жылы Ленинградтан академик Ахмет Жұбановтың орындауындағы бірнеше күй жазылған үнтаспаны тауып, оны 2007 жылы Алматыға жеткізуі – ұлт мұрасына деген жанашырлықтың айқын көрінісі.

1982–2010 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында музыкалық редактор болып қызмет етіп, «Терме», «Музыкалық киножылнама» секілді авторлық бағдарламаларды жүргізді. Осы арқылы ұлттық музыканы кең аудиторияға насихаттады.

1998 жылы Жарқын Шәкәрімге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Ол – Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының құрметті азаматы.

Келесі жылы Жарқын Шәкәрімнің 80 жылдық мерейтойы аталып өтпек. Бұл дата тек бір-екі концертпен шектелмей, республикалық деңгейде ұйымдастырылуға лайық. Себебі Жарқындай қазақ музыкасына жарқын із қалдырған тұлғалар сирек. Оның еңбегі – ұлт жадында сақталуға тиіс асыл мұра.

Көп оқылды: