c82e27fa-7255-41e9-8bee-2490cb0edaf7

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті

Әлем жұртшылығы асыға күткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шымылдығын түрді.   

Дүбірлі доданың салтанатты ашылу рәсімі «Астана Арена» стадионында өтіп, мыңдаған көрермен тамашалады. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын отандық телеарналардан бөлек, әлемнің 19 телеарнасы көрсетті. Көшпенділер ойындары тарихында мұндай халықаралық деңгейде ауқымды телехабар тарату бірінші рет қолға алынды.

Ашылу салтанаты дәстүрлі түрде спорт делегацияларының шеруінен басталып, бұдан соң таңғажайып шоуға ұласты. Көрермен қауымға заманауи сахналық технологиялар мен мультимедиялық дизайн қолданылған 2 сағаттық ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылым ұсынылды.

Әлем көз тіккен ауқымды шараға 3000-ға жуық өнерпаз қатысты, оның ішінде облыстық шығармашылық ұжымдар өкілдері де бар. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композициямен тәмамдалды.

Фото:  Видеодан кадр  

 


Пікір Как:

Пікір (0)