fd6e8077-2726-4e33-898d-e47c77c2cb0f

Басты мақсат – оқушылардың сапалы тамақтануы

Астана қаласындағы №85 мектеп-гимназияда білім мекемелеріндегі оқушылардың сапалы тамақтануы бойынша жиын өтті. Шаһардағы мектептерде тамақтандырудың сапасын бақылау бойынша тәуелсіз қалалық комиссия құрылды. Комиссия құрамына білім беру басқармаларының қызметкерлері мен ата-аналар кірді. Олар күнделікті мектептегі ас мәзірінің құнарлылығы мен сапасын тексеріп отырады. Бұдан бөлек   ведомствоаралық сараптама тобы құрылды. Оның құрамында жалпы жиыны он сегіз адам бар.
 Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Астана қаласы білім беру ұйымының және елорданың алты мектебіндегі қамқоршылық кеңестерінің төрағалары, Астана медицина университетінің нутрициологы, Денсаулық сақтау басқармасының диетологы, Астана қаласы бойынша "Әділет" тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Қазақ технология және бизнес колледжінің, қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің, сервис және туризм колледжінің технологтары.
Олар мектептердегі тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жасап, оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен 2022 жылдан бастап еліміздегі бастауыш сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етіліп келеді. Ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласы Білім басқармасы және "Астана медицина университеті" оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай  (7-10 жас, 11-14 жас, 15-18 жас) бекітілген нормаға сәйкес жаңа перспективалық  ас мәзірін бекітті. Мәзірдің бұл түрі бала ағзасына пайдалы дәрумендер мен қоректік заттарға бай дұрыс тамақтану тәртібі. Себебі, дұрыс тамақтандыру
арқылы біз балалардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік  береміз.
Биылғы жылы Астана қаласының білім алушылары үшін бекітілген тамақтану рационының мәзірі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген. Ет тағамдарының өнімділігі артып,  балық, жарма, көкөніс, сүт, нан, сусындар көбейді.
Атап айтқанда, қаладағы 98 мемлекеттік мектептегі оқушылардың 48%-ы   ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. .
Барлығы 96 531 бала. Оның ішінде 91 126 – 1-4 сынып оқушылары (94,4%), 5405 - 5-11 сынып оқушылары (5,6%.
Өткен оқу жылында  мектептерде тамақтану құны әр балаға 697 теңгені құраса,  1 қыркүйектен бастап оқушылардың тамақтану бағасы: 1-4 сыныптарда әр балаға 800 теңге, 5-9 сыныптар 964 теңге, 10-11 сыныптар 1090 теңгеге дейін артады.
2021 жылғы қарашаға дейін 376 теңгені, 2021 жылғы 1 қарашадан бастап 402 теңгеге дейін құрады. 2023 жылы 449-дан 584-ке дейін. 2024 жылғы қаңтардан бастап 584 теңгеден 626 теңгеге дейін (ҚҚС-пен).

Қызмет көрсету бойынша мамандарды жұмысқа қабылдау Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.  Конкурстық рәсімдерді Астана қаласының активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасы жүргізеді. Негізгі талаптардың бірі - кем дегенде жеті жыл тәжірибесінің болуы.  

Фото: Ашық дереккөз  


Пікір Как:

Пікір (0)