63e65eac7d0a8970331370

2 адамды атып өлтірді делінген күдікті ұсталды

Арыс қаласында 2 адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жарақаттаған үшінші адам  қолға түсті, деп хабарлайды Jarialike.kz.

5 тамыз күні белгісіз біреулер Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан  оқ атқан еді. Кейін қашып кеткен. Салдарынан үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Кеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен  2 адам ұсталды.  Үшіншісі іздестіріліп жатыр.

ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын бірлесіп өткізген. Мәлім етілгендей, ұсталған үш күдіктінің бірі – тапсырыс беруші, қалған екеуі – орындаушы.

«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы»Кісі өлтіру«бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру басталды.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Олардан»Сайга«қаруы мен 12 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді», - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.


Пікір Как:

Пікір (0)