Visa Fashion Week Tashkent жаңа маусымында дизайнер Ақбота Капсалан – Next Designer Award, empowered by Visa 6-маусымының финалисті, өзінің «Qara Qandyagash» коллекциясын ұсынады.
Ақбота Қапсалаң қазіргі таңда Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында киім суретшісі болып жұмыс жасайды. Сонымен қатар, халықаралық және Қазақстандық теле жобаларда стилист ретінде танымал әртістермен жұмыс жасаған. Және кино саласында да костюм суретшісі ретінде дебютін жасап үлгерді.

Бүгінде Visa қолдауымен Next Designer Award жобасының көмегімен бұл идея коллекция ретінде жарыққа шығады. Ол Visa қолдауымен өткен Next designer award байқауының алтыншы маусымының 3 орын иегері. Бұл жобаға 400-ден аса өтінім түсіп, соның ішінде 13 киім суретшісі финалист атанған еді. Енді Ақбота Visa Fashion Week Tashkent жаңа маусымында өз топтамасын көрсетуге қызу дайындық үстінде.
Киім суретші өзінің коллекциясын жасау барысында Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін Қара қандыағаштан шабыт алғанын айтты. Бұл — сақталған өмір мен терең тамырдың символы саналады.
«Коллекцияның басты ерекшелігі ол Бәйтерек бейнесі. Ағаштың тереңге жайылған тамыры, мен үшін «Жеті атамыз». Осы арқылы ағаштың діңі — бүгінгі біз екенімізді еске салады. Ағаштың бұтақтары — біз бүгін негізін қалап жатқан келешек ұрпақ. Тегіміздің тарихын түсіну арқылы біз ішкі болмысымызды танып, ата-бабамыздан қалған тектілікті бойымызға сіңіреміз», - дейді Ақбота.

Қазақты тек оюмен емес, Терең тамырымен әлемге таныту жолына шыққан Ақбота Қапсалаңға сәттілік тілейміз! Коллекцияны 20 мамыр күні Visa Fashion Week Tashkent аясында тамашалай аласыз.