Конституцияны тым асығыс қабылдап жатқан жоқпыз ба? Президентке шексіз билік беріліп қойған жоқ па? Жер мен тіл тағдыры қалай болады? Референдумға жұмсалатын қаржы орынды ма? Қоғамда жүрген осы және өзге де өткір сұрақтарға қоғам қайраткері, экономист, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Жақсыбек Құлекеев нақты жауап берді, деп хабарлайды JARIALIKE ақпараттық порталы.
Сұхбат барысында ол әлемдік тәжірибеге тоқталып, 190 мемлекеттің 86-сында президенттік басқару жүйесі бар екенін, Германия Конституциясы 70 рет өзгергенін, ал АҚШ-тың 240 жылдық Конституциясы бүгінде бәріне бірдей түсінікті емес екенін айтты. Яғни Ата Заңды өзгерту, тек Қазақстанға тән құбылыс емес, уақыт талабына сай қажеттілік.
Сонымен қатар, 1993 жылғы Конституцияның елді саяси даудың ортасында қалдырғанын, ал 1995 жылғы Негізгі заң мемлекетті сақтап қалуда шешуші рөл атқарғанын еске салды. Жаңа жобаның басты мақсаты – биліктің бейбіт жолмен ауысуын қамтамасыз ету, Конституцияға өзгерістерді тек референдум арқылы енгізу және құқықтық тұрақтылықты күшейту.
Толық сұхбатты осы сілтеме арқылы көріп, өзіңізді толғандырған сұраққа жауап таба аласыз.