Мәзір
Бүгін, 01:33 / JariaLike / Күн-Жария

Шона Смаханұлы: Мақтанпаздар

Бірін бірі жер иіскетпей мақтады

Шона Смаханұлы: Мақтанпаздар Шона Смаханұлы: Мақтанпаздар
Gov.kz

Тәпек Кәпекті мақтады,

Толымды деп.

Кәпек Жәпекті мақтады,

Болымды деп.

Жәпек Жоңқаны мақтады,

Салмақты деп,

Жоңқа Жаңқаны мақтады,

Жан-жақты деп.

Шалағай Шалапты мақтады,

Маңызды деп,

Шалап Олақты мақтады,

Нағыз бұл деп.

Олақ Болбырды мақтады,

Шырағым деп,

Болбыр Сылбырды мақтады,

Пырағым деп.

Бірін бірі жер иіскетпей мақтады,

Мақтаудан басқа таппады.

Мысықтан жасап қойып Арыстанды,

Шындықтың ауылы түу-түуде –

Алыс қалды.

 

Шона СМАХАНҰЛЫ 

Көп оқылды: