Мәзір
28 қаңтар, 2026 / JariaLike / Күн-Жария

Құндыз бен Назгүлге зорлық-зомбылық көрсеткен Зүлфия қамауға алынды (ВИДЕО)

Қинау, ұрып-соғу деректері бойынша қозғалған бұл іс соңына дейін әділ тергеледі деп сенеміз

Құндыз бен Назгүлге зорлық-зомбылық көрсеткен Зүлфия қамауға алынды (ВИДЕО) Құндыз бен Назгүлге зорлық-зомбылық көрсеткен Зүлфия қамауға алынды (ВИДЕО)
Коллаж: sn.kz

Таразда 17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың уақытша ұстау изоляторына қамалған сәтінен видео тарады, деп жазады Jarialike.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Видеоны құлдықта болған қыздардың мәселесін көтеріп жүрген тележурналист Руслан Өтепбай жариялаған.

"Тараз қаласының тұрғыны Зүлфия Төленованың үстінен Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалып, ол күні кеше уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Зүлфияның қарауында болған өзге балалардың тағдыры не болды?»,- деген сұраққа жауап берейін: қазіргі таңда оның қамқорлығында бірде-бір бала жоқ. Барлығы мемлекеттің қарауына өтті. Қинау, ұрып-соғу деректері бойынша қозғалған бұл іс соңына дейін әділ тергеледі деп сенемін. Ағайын, ұл-қыздарыңызға өте абай болыңыздар!", - деп жазды журналист Руслан Өтепбай.

Көп оқылды: