Мәзір
12 қараша, 2023 / JariaLike / Күн-Жария

Бишімбаевтың қанды қылмысы: Гастро орталық директоры қамалды

Бишімбаевтың қанды қылмысы: Гастро орталық директоры қамалды Бишімбаевтың қанды қылмысы: Гастро орталық директоры қамалды
Ашық дереккөзі

Бишімбаев ісіне қатысты гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілінді. Ол қазір қамауға алынды.  Сонымен қатар, қылмысқа тағы екі бап қосылды.

Тергеу барысында  "қылмыс туралы хабарламағаны" және "қауіп-қатерге қалдырғаны" үшін баптар бойынша қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлады Астана ПД.

Бүгін әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынған болатын.  

Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы тараған хабар қоғамды дүр сілкіндірді.

Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге масайғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше көз жұмғанын айтты.

Көп оқылды: