Мәзір
Бүгін, 00:56 / JariaLike / Күн-Жария

«1 млн теңге несие алды. Видеоқоңырауға шықты»: Күдіктінің анасы баласы туралы шындықты ашып айтты

Шетелге кетемін деп ештеңе айтпаған

"1 млн теңге несие алды. Видеоқоңырауға шықты": Күдіктінің анасы баласы туралы шындықты ашып айтты "1 млн теңге несие алды. Видеоқоңырауға шықты": Күдіктінің анасы баласы туралы шындықты ашып айтты
Ашық дереккөз

Атырау облысының Махамбет ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты күдікті күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы баласына қатысты бұрын белгісіз деректерді жария етті, деп хабарлайды Jarialike.kz ақпарат агенттігі.  

Күдіктінің анасы Гүлнәр Әзмұханованың айтуынша, ұлынан соңғы рет 21 желтоқсанда 45 мың теңге түскен.

"Мен баламды олай тәрбиелеген жоқпын. Ол – тәртіпті, жуас бала. Мұндай іске баруы мүмкін емес. Әкесі қатал, содан қорқып өскен. Соңғы рет желтоқсанның 21-і күні ұлымнан 45 мың теңге түсті. Келінге ұялы телефон алып беру үшін 1 миллион теңге несие рәсімдеткен едік", – дейді күдіктінің анасы.

Сондай-ақ ол баласымен ең соңғы байланыс қашан болғанын да нақтылады.

"11 желтоқсан күні хабарластым. Атыраудамын деді. Бір айтқанын түсінбей, нақтылап сұрадым, сол кезде видеоқоңырауға шықты. Балалардың суретін көрсетіп, "міне, балаларың аман, өзің қалайсың, Ақбаян қалай?" деп сұрадым. "Жақсымын, уайымдама, тағы хабарласамын" деді. Содан кейін байланыс үзілді. Шетелге кетемін деп ештеңе айтпаған. Тек қалаға апарып емдетіп алып келемін деген", – дейді Гүлнәр Әзмұханова.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Көп оқылды: