Абай облысының Шар қаласының тұрғындары енді Семейге пойызбен келеді.
Бүгін «Шар-Семей» бағытындағы тікелей пойыз «Семей» теміржол бекетіне алғашқы жолаушыларды тасымалдады.
"Бұл әлеуметтік маңызы бар бағыт. Сондықтан жолаушылар үшін тариф төмен. «Семей-Шар» бағыты бойынша бір жолаушы үшін жол жүру құны 557 теңгені құрайды. «Ақтоғай – Аягөз» бағыты үшін 650 теңге» дейді «Қазақстан темір жолы» жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының директоры Сергей Балашов.
Пойыз аптасына 6 рет, яғни сейсенбіден басқа күндері жүреді. Ал «Ақтоғай — Аягөз» бағытындағы пойыз аптасына 5 рет қатынайды.
Абай облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, келесі жылы «Семей — Дегелең», «Семей — Ауыл» бағытында пойыздар жүре бастайды. Халықтың сұранысына қарай басқа да бағыттар қосылуы мүмкін.