Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмекке келді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Түнде Сарайшық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 11 адам, оның ішінде 5 бала лифт ішінде қамалып қалды.
— Лифт 3-қабаттан төмен қарай түсіп екінші қабат пен бірінші қабат аралығында тоқтап қалған. Шақырту орнына келген құтқарушылар лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады, — делінген хабарламада.
ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:
өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
диспетчерге хабарласыңыз;
барлық түймені қатарынан баспаңыз;
лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.