Мәзір
Бүгін, 14:51 / JariaLike / Күн-Жария

Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды мақұлдады

Заң жобасы Еңбек кодексіне және қолданыстағы 12 заңға өзгерістер енгізуді көздейді

Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды мақұлдады Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды мақұлдады
pixabay.com

Сенат депутаттары "Архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Jarialike.kz хабарлайды. 

Құжатты бастапқыда 4 желтоқсанда қарау жоспарланған еді, алайда ол сенатта талқылауға кейінірек шығарылды.

Заң жобасы Еңбек кодексіне және қолданыстағы 12 заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Олардың қатарында балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнама да бар. Ұсынылған нормалардың ішінде педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттайтын ақпараттың қоғамдық кеңістікте, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникациялық желілер мен онлайн платформалар арқылы таралуын шектеу қарастырылған.

Сенатор Амангелді Есебай аталған шаралар жас ұрпақты қорғауға, отбасы институтын нығайтуға және ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталғанын мәлімдеді.

“Дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауды шектеуге бағытталған нормалар жас ұрпақты антиәлеуметтік құбылыстардан қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және адамгершілік-рухани тәрбиені қамтамасыз етуге жағдай жасайды”, – деді ол.

Көп оқылды: