Мәзір
25 қараша, 2025 / JariaLike / Әлеумет

Қармақшыда 50 пәтерлік 25 жаңа үй пайдалануға берілді

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 50 пәтерлік 25 жаңа үй пайдалануға берілді. 
 

Қармақшыда 50 пәтерлік 25 жаңа үй пайдалануға берілді Қармақшыда 50 пәтерлік 25 жаңа үй пайдалануға берілді
Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 50 пәтерлік 25 жаңа үй пайдалануға берілді. 

Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 322 пәтерлік 161 тұрғын үй аудандарда бой көтеруде.
Қармақшы ауданында да 2023-2024 жылдары 2 млрд. 848 млн. теңгеге 207 пәтерлік 103 тұрғын үй сатып алынған. 

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Бүгін – мемлекеттің қолдауын сезінген барлығыңыз үшін ерекше қуанышты күн! Баспаналы болу әрбір отбасын жақсылыққа жетелейді. Жаңа қоныстарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, әр шаңырақ татулық пен берекеге толы болғай! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!– деді.

Жалпы оған қоса, 2023 жылы Қармақшы ауданының Тұрмағамбет, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілген.

Өткен жылы Қуаңдария,Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттер салынып, қазір ел игілігіне қызмет етуде.

Көп оқылды: