Мәзір
Бүгін, 14:25 / JariaLike / Күн-Жария

Ұлттық геологиялық қызмет пен Terra Exploration стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасты

Келісімнің мақсаты – Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын дамыту, жер қойнауын пайдалану саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және геология саласына заманауи цифрлық технологияларды енгізу 

Ұлттық геологиялық қызмет пен Terra Exploration стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасты Ұлттық геологиялық қызмет пен Terra Exploration стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасты
Gov.kz

UGQ ғимаратында «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ пен «Terra Exploration» ЖШС арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің мақсаты – Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын дамыту, жер қойнауын пайдалану саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және геология саласына заманауи цифрлық технологияларды енгізу.

Әріптестік аясында тараптар «ГеоКуб» инновациялық платформасын пайдалана отырып, «Ұлттық геологиялық қызметтің» қор материалдарын цифрландыру және толықтыру, цифрлық инвестициялық пакеттер әзірлеу, сондай-ақ Жерді қашықтан зондтау, жасанды интеллект және машиналық оқыту технологияларын геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін қолдану жобаларын бірлесе іске асырады.

Сондай-ақ ынтымақтастық ғылыми-зерттеу және білім беру бағыттарын қамтиды: мамандарды даярлау, тағылымдамалар өткізу және геоақпараттық жүйелер мен талдамалық платформалар саласында заманауи шешімдерді енгізу жоспарланып отыр.

Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою – Қазақстанда геологиялық деректердің жаңа цифрлық экожүйесін қалыптастыруға және елдің геологиялық барлау саласындағы халықаралық беделін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Көп оқылды: