Мәзір
29 қыркүйек, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Этнограф: Шежіре түзудің кестелеу үлгісі: Рукесте

Қыздардың есімдерінің алдына «-» таңбасы қойылады 

Этнограф: Шежіре түзудің кестелеу үлгісі: Рукесте Этнограф: Шежіре түзудің кестелеу үлгісі: Рукесте
e-history.kz

Бұған дейін шежірені таратудың жырлау, қара сөздік нұсқасы, схемалық, сондай-ақ, «ағаш» көріністері немесе тармақтап жазу болғаны белгілі. Алайда, қазіргі жағдайға сай, санаға сіңімді, қабылдауға оңай, жазуға ыңғайлы түрін іздестіре келе, кестелік (таблицалық) жаңа тәсілді енгізуді қолға алғанымызға 20 жылдан асты. Алғаш рет бұл шежіре жазу үлгісі 2001 жылы кітапша болып басылған еді.  Бұны соңғы кезде кітаптарға да енгізіп жүрміз.

Шежірелік кесте алты бағаннан тұрады: ұрпақ, әулет, арыс, жанұя, перзент. Тағы бір бағанды «ұран/таңба» атағанбыз, бірақ ол әрбір аталықта емес, әрбір руға ғана тән болғандықтан, бұл бағанды алып тастадық. Бұл тәсіл қажетті мәліметтерді, оның ретін ешбір шатастырмай, шұбалаңқы етпей, көз алдыға рет ретімен ұсынуымен тиімді. Бұлайша шежіре түзу ретін РУКЕСТЕ атап отырмыз. Бұл математикалық шежіре кестелеу бірнеше ұрпақты, әулетті, жанұяны, перзенттерді жыныстарына қарамастан енгізу мүмкіндігін ашып отыр. Сонымен бірге әркім өз ұраны мен таңбасын рукестенің маңдайына  сыйғызуына болады.

Сонымен бұл кестені толтырудың нұсқаулығын берген оңнан солға қарай түсіндіруді жөн санадық. Қолайлы болу үшін кестенің оң жағына түскен ПЕРЗЕНТ бағанынан бастайық: бұл бағанға әкеден туған барлық балалар, жынысына қарамастан жасына қарай тізіледі – әуелі тұңғышы, соңында кенже, арасында ортаңғы перзенттер. Сонымен бірге, лақататпен әйгілі болған арыстардың атына лақапатын жақша ішінде көрсету жөн саналды.

Қыздардың есімдерінің алдына «-» таңбасы қойылады. Есімдердің арасы үтірмен ажыратылады. Егер де бала шетінеп кетсе, болмаса ұрпақ тарамай қалса «.» оның есім соңына нүкте қойылады.Бұдан басқа балалардың анасын да жазуға болады, ол үшін «Перзент» бағанын бастағанда шешенің есімі бірінші жазылып қос нүкте қойылып, содан туған перзенттер тізіледі; егер де екі немесе үш әйелден туған балалар болса, әр шешенің есімінің алдына оның реті қойылады. Асырап алынған бала да дәл осылай енгізіледі, оны таппай баққан шешенің аты да осылайша бала есімінің алдына жазылады.

 

ПЕРЗЕНТ

1.Хадиша: Аржан, -Нұргүл, Нартай (Нәкөн)

2.Арай: -Гүлшат, Нұршат

 

ЖАНҰЯ бағанына әкенің аты жазылады.

ЖАНҰЯ

ПЕРЗЕНТ

1. Сырым

1.Хадиша: Аржан, -Нұргүл, Нартай

2.Арай: -Гүлшат, Нұршат

 

Сонымен бірге Жанұя бағанындағы әкенің есімінің алдына қойылған сан, оның осы ұрпақ бағанына түскен барлық жанұялардың ретін көрсетеді.Өйткені, бір аталықта бірнеше жүз адам бір буындағы замандас әкелерден таралады. Осылар өз буынында жайғасуы тиіс. Оны жалпы кестеден қарап ұғуға болады.

 

АРЫС: бұл Жанұядағы әкенің нешінші арыс/бала екенін көрсететін рет. Мысалы, Сырымнан  шежіре одан әрі оның үш ұлынан таралады, қыздан туған жиендердің өз елі бар, сөйтіп Сырым ұлдары Аржан, Нартай, Нұршаттың перзенттері келесі ҰРПАҚ кестесіне түседі, сол кезде Арыс бағанында осы үшеуінің сәйкесінше реттері былай болады: 1 (Аржан), 2 (Нартай), 3 (Нұршат). Яғни, ұлдар ұрпақ бағанында өз реттерімен АРЫС реті болып түседі: «Арыс» бағанындағы 1,2,3 сандары Алдыңғы буындағы Перзент

 

 

 

 «Арыс» бағанына«Перзенттер» бағанындағы ұл перзенттердің нөмірі осы бағандағы үтір арқылы нешінші тұрғанына қарай нөмірітүседі.

ӘУЛЕТ бағанындағы цифр шын мәнінде «Жанұя» бағанындағы ӘКЕНІҢ нөмірі.Бірақ ол Ұрпақ ауысқанда келесі жолға түседі. Төмендегі кестеде Әулет бағанында Сырым әкенің нөмірі жазылған: соның шифры.

 

 

Осылай барлық әулеттер кестеге түскеннен кейін, бұлардың келесі буыны ҰРПАҚ бағанында жалғасады. Ұрпақ бағанының нөмірі Рим цифрымен өз ретімен жазылады. Мысалы, Сырым түпкі теката болса, оның ұрпақ нөмірі – І болады да одан әрі ұрпақ жалғастырылып тізіледі. Біздің кестемізде әзірге екі буынның ұрпағы ғана көрсетіліп тұр. Ол бірнеше буынға созылуы бек мүмкін.

Мына кестедегі Жаңабай Жанұясындағы  екі қатарға тізілген оның сәйкесінше екі әйелінен туған перзенттер:

1.Бекболат, Итес,Намаз,Құлмағамбет, Көбек

2.Өтебай,Көккөз, Қойгелді, Төле, Алдаберген, Тұрым,Сейіт, Тамтық

Бұл екі топ екі әйелден туған бір Арыстың перзенттері деп ұғылады.

 

ҰРПАҚ

ӘУЛЕТ

АРЫС

ЖАНҰЯ

ПЕРЗЕНТТЕР

І

4

1

1.Жолан

Пұсырман, Жаңабай, Құлшық (Қылышбай),  Есен, Аман

 

ІІ

2

1

1.Жаңабай

 

 

  1. Бекболат,Итес,Намаз,Құлмағамбет, Көбек
  2. Өтебай,Көккөз, Қойгелді, Төле, Алдаберген, Тұрым,Сейіт, Тамтық

 

ІІІ

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1

1.2

1.3

1.4

1.5

2.1

2.2

2.3

2.4

2.5

2.6

2.7

 

1. Бекболат

2.Итес

3.Намаз

4.Құлмағамбет

5.Көбек

6.Өтебай

7.Қойгелді

8.Төле

9.Алдаберген

10.Тұрым

11.Сейіт

12.Тамтық

 

Ақтан, Айдар, Қызылбас, Қамал

Жапақ,Сапақ,Тыныштық, Құлыш,Еділ

Тәжік,Жақсылық,Құлнияз

Тума

Айт,Бұжыр,Айтуған

Өрбісін,Жапар

Аманша

Бошай,,Арыстан,Достан

Есіркеп,Бейсенбі,,Жетібай,,

Байкете, Мәнібай.

Алпысбай,,Жетпісбай,,

Дәрібай,Жорықбай,,Қалмағамбет,,

 

ІҮ

1

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

4

5

 

6

 

7

8

 

9

10

 

1

2

3

4

1

 

2

3

4

 

5

 

1

2

3

1

1

2

1

2

1

2

3

1

1.Ақтан

2.Айдар

3.Қызылбас

4.Қамал

5.Жапақ

6.Сапақ

7.Тыныштық

8.Құлыш

9.Еділ

 

10.Тәжік

11.Жақсылық

12.Құлнияз

13.Тума

14.Айт

15.Бұжыр

16.Өрбісін

17.Жапар

18.Аманша

19.Арыстан

20.Достан

21.Есіркеп

22. Байкете

23.Дәрібай

Байнияз,Бірнияз

Ермек,Тұғыш

Естек

Битан,Бөртебай

Қуат, Пана, Әуезалы, Тілекі,Тілепі

Жәкіш,Бітімбай,Наурызбай,Бадау

Қыдырбай, Сәдірбай, Ырзақұл,Шауман

Құлжан,Бекжан,Есжан,Досжан

Махамбет,Нұрмағамбет,Айтыман,Были,Тауан,Ахмет,Бодан

Жұмағазы,Малкелді

Еспағамбет,Төлеп,Жүндібай,Құтыш,Байман

Есет

Шектібай

Ерше

Жұбатар,,

Қожантай

Байжан

Бермағанбет

Серікбай

Мансұр,, Досмағамбет,,

Жолмағамбет

Жақсыбай, Нияз,,

 

Ал ендімына толық кестені шолып, зерделеп қарасаңыз, бәрі оңай түсінікті болады: Ұланақтан екі перзент бар, Рим цифрымен көрсетілетін «Ұрпақ ретінде» Есіл мен Тобылдың Әулет реті -1, себебі 1-ұрпақ реті бағанындағы Ұланақтың алдында 1 цифры тұр. Ұланақтың Арыс реті -4, өйткені, ол Жанұядағы 4-бала. Бірақ өзінен екі ұл тарапты: Есіл, Тобыл...

 

ҰРПАҚ

ӘУЛЕТ

АРЫС

ЖАНҰЯ

ПЕРЗЕНТ

І

1

4

1.Ұланақ

Есіл, Тобыл

ІІ

1

1

1.Есіл

2.Тобыл

Үңгіт, Жолай

Тепер(Қазантебер), Тұғыр,Есентабан, Еменші

ІІІ

2

1

1.Тепер

Арық, Айнық

ІҮ

1

1

2

1.Арық

2.Айнық

Шүрім

Бозқозым, Көгей

Ү

1

1

1.Шүрім

Қоңыр

 

2

1

2

2.Бозқозым

3.Көгей

Әлжан

Жаналы, Көшелек

ҮІ

1

1

1.Қоңыр

Бөкет,Қонай     

 

2

1

2.Әлжан

Әлдіберді,Таңат,Қосақ,Қалпақ

3

1

2

3.Жаналы

4.Көшелек

Қонақбай, Шеке

Жылқыайдар

ҮІІ

 

1

1

2

1.Қонақбай

2.Шеке

Әлқұл, Әйтек

Елібай,Шәуке, Ізбасар,Жандыр,

2

1

3.Жылқыайдар

Әжімбет, Дәулетімбет, Елтезер,Рыскелді,Бексары

ҮІІІ

1

1

2

1.Әлқұл

 

2.Әйтек

Қайыпберді, Тәйтәй, Қадыр, Жолан, Бердібай,

Маңғыбай,Бүркітбай

ІХ

 

1

1

1.Қайыпберді

2.Тәйтәй

 

3.Қадыр

4.Жолан

 

 

5.Бердібай

Айбас,Қойбас

Қарабай,Қарабек,Сарыбай,Сәңкібай,Айғыр,Елемес

Сарша,Бозан

Пұсырман, Жаңабай, Қылышбай (Құлшық), Есен,

Аман (Жаман)

Құлет,Жантай,Жанұзақ,Балапан,Сарша

Х

4

1

1.Пұсырман

2.Жаңабай

 

 

 

 

3.Есен

 

 

4.Аман

Айболат, Жанболат, Тасболат

  1. Бекболат, Итес,Намаз,Құлмамбет, Көбек
  2. Өтебай,Көккөз, Қойгелді, Төле, Алдаберген,Байкете,Сейіт, Тамтық

Сасықбай,Байшағыр (Байқоңыр),Шүрегей,Назарбай

Ақбала, Шайыр (Аманбай), Байтаңат

 

Бұл шежірелі рукесте әр әулетке, әр шаңыраққа, өз алдына бөлек шыққан әр отау төріне ғана лайықты емес, кәмелетке толған әрбір жасқа қажет екенін дәлелдеу артық болар. Өйткені, бұл халқымыздың мол тарихының әрбір жанұяға қатысты бөлігін жинап қана тұрған жоқ, әр қазақтың бұдан былай медицинада аса қажет болмақ, перзенттің генеалогиялық тазалығы мен қуатын іске асырушы бірден бір құжат болуы мүмкін.

 

ЕСКЕРТІМ: Тыныс белгілер мынаны көрсетеді:

(ХХХХ) – «Перзенттер» бағанындағы жақша ішіне кейде перзенттің қосымша есімі де беріледі;

«,,»  «Перзенттер» бағанындағы ақпараттың үзік екенін білдіреді,яғни мәлімет табылғанда толтыру мүмкіндігі қалдырылған;

«,» перзенттер арасын жалғаушы тыныс белгі;

«.» – арыстың «тұяқсыз» өмірден өткендігін білдіреді;

«-» минус – перзенттерге қыздарды қосқанда көрсетілетін белгі, бірақ қыздан тарайтын жиендер нағашысына берілгенде болмаса, одан әрі таратылмайды.

 

Рукестеден іздеген адамды қалай табуға болады? Ол үшін ең әуелі ұрпақ реті бойынша ізделген адам есімін «Әулет» бағанынан тауып, сол екеніне көз жеткізу үшін, қасындағы «Перзенттер» бағанынан оның балаларына қарап тексеру керек. Одан әрі ұрпақтың нөмірін Рим цифрымен белгіленген ретін ескеріп алып, келесі ұрпақ нөмірінен одан тараған әулеттер мен перзенттерді іздеп табуға болады. Ұрпақ нөмірі жоғарыдан төмен қарай өсе береді. Іздегенде төменнен жоғары қарай да, керісінше де іздей беруге болады.

Математикалық жолмен бұл шежіре түзу тәсілі сәл-пәл дағдыны талап етеді, бір үйренгесін оңай әрі қызық және де өте ыңғайлы да тиімді болмақ. Берілген кестелерге қарап, өз жеті атаңызды түзіп көріңіз.

С.Ерғали.

Астана. 2025 жыл

Көп оқылды: