1713446704

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын 7 медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарын тәмамдады, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Ел құрамасының сапынан соңғы болып еркін күрес шебері, 97 келі салмақта сынға түсетін Әлішер Ерғали шыққан еді. Бүгінгі жұбаныш белдесуінде оның жолы болмады.

Сөйтіп, ел спортшылары Франция астанасында өткен ойындарда жеті медаль жеңіп алды. Париж Олимпиадасынан бұйырған жалғыз алтын жүлде дзюдошы Елдос Сметовтің еншісінде. Ол 60 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Ал күміс жүлдені гимнастшы Нариман Құрбанов пен грек-рим стиліндегі күрес балуаны Демеу Жадраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбайлар (80 келіге дейін) олжалады.

Қола жүлдегерлер қатарында Назым Қызайбай (бокс, 50 келіге дейін), мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев (аралас командалық жарыс) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев бар.

XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты Астана уақытымен 23:15-те басталады.


Пікір Как:

Пікір (0)