photo_2024-07-27_23-59-41

Елдос Сметов - Париж Олимпиадасының чемпионы

Елдос Сметов Париж Олимпиадасында алтын алды!  Ол дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада Чемпионы атанды.                                        
 60 келі салмақта белдескен жерлесіміз финалда франциялық Лука Мхелидзені жеңді. Осылайша спорттық мансабындағы үшінші олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді.  
Айта кетейік, осыған дейін Елдос 2016 жылы күміс, 2020 жылы қола жүлде еншілеген еді. Елдосты алтын жүлдемен құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!


Пікір Как:

Пікір (0)