Мәзір
4 тамыз, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Дженнифер Лопестің костюмдерін қазақстандық дизайнерлер дайындады

Бишілер, лайв-бэнд, бэк-вокалда жұмыс істейтін әртістердің әрқайсысында 5-6 костюмнен болды

Дженнифер Лопестің костюмдерін қазақстандық дизайнерлер дайындады Дженнифер Лопестің костюмдерін қазақстандық дизайнерлер дайындады
Jason Armond

Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған отандық дизайнерлер жауап берді,-деп хабарлайды Jarialike.kz.   

Концертті ұйымдастырушылар Джей Ло командасымен жұмыс істеу үшін бізге ұсыныс жасады. Әрине, бұл – үлкен мәртебе. Сондықтан бірден келістік, - дейді Зияда Бекбасова.

Кәсібилігіне көз жеткізген соң жұлдыздың командасы Джей Лоның костюмдерін де қайта қалыпқа келтіру үшін қазақстандық мамандарға сеніп тапсырыпты.

– Барлық образды толықтай дайындадық. Бишілер, лайв-бэнд, бэк-вокалда жұмыс істейтін әртістердің әрқайсысында 5-6 костюмнен болды. Жұлдыздың командасы шеберлігімізге көз жеткізген соң, Джей Ло киетін костюмдерінің өзін реставрациялауға берді. Асқар есімді бас шеберіміз бар. Ол өз қолымен костюмдердің тастарын толықтырып, тігіп шықты, - дейді студия қонағы.

Костюмерлер әлемдік деңгейдегі өнерпазбен жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап еткенін де жасырмады. 

Отандық жұлдыздардың концертінде көп дегенде 10 шақты костюм ғана болады ғой. Ал Джей Ло командасында барлық киімінен бастап, тіпті шұлықтарына дейін иесінің аты жазылып тұрады. Әр киімнің қай жерде тұру керектігі нақты бекітілген. Біз киімдерді сектор-секторға бөліп, олардың талабына сай орналастырдық. Сосын бас костюмер бәрін жеке-жеке тексеріп, қарап шыққан соң ғана қабылдап алды, - дейді Алтынай Ракишева. 

Джей Лоның командасы қазақстандық мамандардың жұмысына дән риза болған көрінеді. 

Ағылшын тілінде еркін сөйлегендіктен, командамен байланыс орнату жеңіл болды. Олар жұмысымызға риза болып, бізді сахна артына арнайы шақырды. Сол жерде тұрып концертті тамашаладық. Бұған дейін басқа ешқандай концертте мұндай еркіндік беріліп, дизайнерлер мен костюмерлер кешті бірге тамашаламағанын айтты. Бізге арнайы білезік тағылды, - дейді стилист-костюмерлер.

Дизайнерлерге Джей Лоның концерттік турына арналған өнімдерді тігуді де ұсыныпты.

 Джей Лоның концерттік туры аясында бізге осы турға арналған мерч өнімдерін жасап шығару ұсынылды. Бірақ, өкінішке қарай, уақыт тым қысқа болды. Сол себепті бұл ұсыныстан бас тарттық. Себебі, сапалы әрі ерекше өнімді аз уақытта жасап шығару мүмкін емес. Ал біздің басты мақсатымыз – әр өнімімізді сапалы әрі мінсіз етіп шығару, - дейді Зияда Бекбасова.

 

Көп оқылды: