Мәзір
5 шілде, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

URBAN TALKS ASTANA: Қазақстан қалалары қалай өзгеруде — халықаралық сарапшылар көзқарасы

«Астана Бас жоспарының» макеттеу залында Қазақстан қалаларын дамытудың жаңа тәсілдері талқыланып, урбанизацияны қайта пайымдау идеялары ұсынылды

URBAN TALKS ASTANA: Қазақстан қалалары қалай өзгеруде — халықаралық сарапшылар көзқарасы URBAN TALKS ASTANA: Қазақстан қалалары қалай өзгеруде — халықаралық сарапшылар көзқарасы

4 шілде күні елордада «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС және ARCHICA халықаралық медиа платформасының қолдауымен URBAN TALKS ASTANA іс-шарасы өтті. Jarialike.kz cайтының хабарлауынша, Астанада өткен сарапшылар диалогы 8 шілдеде Қызылордада өтетін Ұлттық Урбан Форум — 2025 аясындағы іс-шаралардың алғашқы қадамы болды.

«Астана Бас жоспарының» макеттеу залында Қазақстан қалаларын дамытудың жаңа тәсілдері талқыланып, урбанизацияны қайта пайымдау идеялары ұсынылды.

Кездесудің хедлайнерлері:

Гарри Доббс – халықаралық деңгейдегі сәулетші, Ұлыбританиялық «Harry Dobbs Design» компаниясының негізін қалаушы. Оның жобалары Лондоннан Эр-Риядқа дейінгі мегаполистерді қамтиды. Оның көзқарасы – стратегиялық жоспарлауды креативті индустриялармен ұштастыра отырып, қалалық дамуға жаңа серпін беру.

Юрий Милевский – «Novaya Labs» аналитикалық компаниясының негізін қалаушы және бас директоры. Қалалардағы тәуекелдерді бағалау және инновациялық шешімдерді енгізу саласында маманданған. Бұған дейін ЭЖМ ҒЗУ-дің Урбанистика жоғары мектебінде академиялық қызметтер атқарған.

Спикерлер қазақстандық қалалардың алдында тұрған сын-қатерлер мен даму перспективаларын талдап, болашақ пікірталастардың тақырыптық бағыттарын айқындады. Халықаралық тәжірибе мен жергілікті ерекшеліктерді үйлестіре білу — URBAN TALKS-тың басты өзегі ретінде аталды.

URBAN TALKS ASTANA ел астанасы мен өңірлер арасындағы кәсіби диалогты нығайтудың маңызды бөлігіне айналмақ. Бұл кездесу мен алда өтетін Қызылорда форумы — урбанистік сын-қатерлерді түсінуден нақты шешім тетіктерін қалыптастыруға дейінгі логикалық көпір болмақ.

8 шілдеде Гарри Доббс пен Юрий Милевский Ұлттық Урбан Форум — 2025 аясында бейінді сессияларда сөз сөйлейді. Сондай-ақ «Қазақстанның қалалық күн тәртібін өңірлік деңгейде іске асыру» тақырыптық сессиясына «Астана Бас жоспары» ҒЗИ» АҚ жанындағы Урбанистика орталығының басшысы Данияр Чиндалиев қатысады.

Көп оқылды: