Күн-Жария

Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін

Бұл туралы Жоғарғы сот мәлім етті

Жоғарғы сот қоғам тарапынан сұраныс болса, Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Ведомство "Біз біргеміз" қайырымдылық қоры негізін қалаушылардың бірі Қайраттың ісі сотқа әлі түспегенін айтты.

Егер соңғы қылмыстық іс сотқа келіп түссе, жұртшылық, заңгерлер қауымдастығы сұратса, сот отырыстарын тікелей эфирде көрсету туралы мәселе қаралуы мүмкін, – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.

Еске салсақ, бұған дейін Перизат Қайрат басқарған «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ оның  мүгедек балаларды оңалтуға жиналған қаражатты жымқырғаны анықталған.

Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева әрекеттері сарапталып, олар аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін күдікті деп танылды.

ҚМА дерегіне сәйкес, қылмыстық іс 100 томнан тұрады, әр томда 180 бет бар.