Мәзір
Бүгін, 03:01 / JariaLike / Күн-Жария

«Ұшатын кілемдегі сұлу». Сәкен Майғазиевтің келіні желіде сынға ұшырады

Сәкен Майғазиевтің келінінің ақ кілемге отырғызылып, ұзатылып жатқан сәті 

«Ұшатын кілемдегі сұлу». Сәкен Майғазиевтің келіні желіде сынға ұшырады «Ұшатын кілемдегі сұлу». Сәкен Майғазиевтің келіні желіде сынға ұшырады
видеодан скрин

TikTok-та кең тараған ерекше ұзату рәсімі желі қолданушылары арасында қызу пікірге себеп болды. Видеода әнші Сәкен Майғазиевтің келіні ақ кілемге отырғызылып, ұзатылып жатқан сәтін көресіз,- деп хабарлайды Jarialike.kz.

Бірі бұл қадамды салт-дәстүрге жаңаша серпін беру деп бағаласа, енді бірі оны оғаш және орынсыз деп тапты.

Кей қолданушылар рәсімді әйгілі Алладин ертегісіндегі кілеммен байланыстырса, енді бірі: «Мағынасы бұзылмаса, жаңартуға болады» деген пікірде.

Тағы бірі бұл рәсімді батыс өңірлердің дәстүрімен байланыстырды.

Кейбір қолданушылар «Салтты заманауи форматта әсем көрсетуге болады. Бірақ тірі адамды кілемге отырғызып ұзату — шамадан тыс әрлеу секілді» деп жазған.  

 

Көп оқылды: