Экология министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киіктерді аулауға рұқсат берілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Оның айтуынша, аңшылыққа биылдың өзінде рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр.
Бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Алайда мұнда тәуекелдер көп. Жеріміз кең, ал әрбір аңшыны қадағалап отыру үшін инспекторлар жеткіліксіз, – деді Ерлан Нысанбаев.
Министр кеңес дәуірінде киікке аңшылық жасау тәжірибесі болғанын атап өтті, алайда кейін бұл тәжірибе сәтсіз аяқталған.
Бір жылдары аңшылыққа рұқсат берілгенде, бүкіл дала мүйіздері кесілген киіктердің өлексесіне толып кеткен. Сол себепті биыл тек ұрғашы киіктерге ғана аңшылық жасауға рұқсат беру мәселесін қарастырып отырмыз. Бірақ бұл мәселе бойынша қазір аңшылық ұйымдарымен әрбір қадамды техникалық тұрғыдан қалай іске асыру керектігін талқылап жатырмыз, – деп түйіндеді министр.