Әлеумет

Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл еліміз бойынша Айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Jarialike.kz.

6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. ҚМДБ сол күні оқылатын Құрбан айт намазының уақытын бекітті. 

Мұсылмандардың көбі 6:00-де оқиды. Абай облысы мен ШҚО тұрғындары үшін ғана 7:00-де екен. Ал Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау және Павлодар облысы үшін Айт намазының уақыты – 6:30.

Бұған дейін діни басқарма Құрбан айт мейрамы басталатын күнді жариялаған еді.