Мәзір
2 маусым, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Kaspi Travel Қазақстан бойынша турларды сатып алу үшін жаңа сервисі іске қосылды

Енді Kaspi Travel арқылы «Қазақстан» жаңа сервисінде ең тиімді бағамен демалыс орындарының нұсқаларын тез әрі ыңғайлы таңдап, ақысын тура Kaspi.kz қосымшасында төлеуге болады

Kaspi Travel Қазақстан бойынша турларды сатып алу үшін жаңа сервисі іске қосылды Kaspi Travel Қазақстан бойынша турларды сатып алу үшін жаңа сервисі іске қосылды
Kaspi.kz

Жазғы туристік маусымның қарсаңында Kaspi Travel Қазақстан бойынша турларды сатып алу үшін жаңа сервисті іске қосты. Бұл туралы Kaspi.kz әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.

Бұрын демалысты жоспарлау үшін демалыс базаларының сайттары мен әлеуметтік желілерінен фотосуреттерді, пікірлерді, байланыс деректерін іздеуге тура келетін. Телефон соғу, жазу, бағаны, бос орындардың бар екенін нақтылау керек болатын.

Енді Kaspi Travel арқылы «Қазақстан» жаңа сервисінде ең тиімді бағамен демалыс орындарының нұсқаларын тез әрі ыңғайлы таңдап, ақысын тура Kaspi.kz қосымшасында төлеуге болады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Біздің талантты командамыз жаңа инновациялық сервисті іске қосты, оның көмегімен сүйікті клиенттеріміз Қазақстан бойынша турларды тез және оңай жоспарлай алады. Тура Kaspi.kz қосымшасында барлық ұсынысты қарай алады, турды таңдап, ақысын төлей алады. Қазақстанның туристік бизнесі үшін – бұл еліміздің әртүрлі өңірінен жаңа клиенттерді тарту, сатылымды арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі. Сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге бізбен бірге болғаны үшін рақмет айтамыз!»

Жаңа сервистің арқасында қазақстандық курорттар мен демалыс базалары үздік Kaspi.kz қосымшасының 15 миллионға жуық пайдаланушысына өз қызметтерін ұсына алады.

«Қазақстан» жаңа сервисі туралы толығырақ Kaspi Гидтен оқыңыз.

Көп оқылды: