1 маусым – жаздың алғашқы күнінде Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы болады. Синоптиктердің мәліметінше, жаңбыр, найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі. Кей өңірлерде шаңды дауыл соғып, жоғары өрт қаупі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады;
Найзағай мен бұршақ болуы ықтимал;
Батыс және оңтүстік өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
«Ауа райы атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз болады», – деп ескертті Қазгидромет.
Өрт қаупі жоғары өңірлер анықталды:
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында жоғары және төтенше өрт қаупі бар екенін хабарлады. Бұл - қауіп:
Атырау, Маңғыстау облыстары,
Абай, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының бірқатар ауданында,
Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей бөліктерінде.
1 маусымда ауа райының қауіпті құбылыстары:
Найзағай мен бұршақ;
Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін;
Шаңды дауылдар (оңтүстікте);
Ауа температурасының күрт өзгеруі;
Аса жоғары өрт қаупі (12+ өңірде).