Алдағы уақытта еліміздің бес өңірінде үсік жүруі ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері ескертеді. Сонымен бірге ертең, 22 мамырда көптеген облыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Талдықорғанда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
25 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
25 мамырда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. 26 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
25 мамырда түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. 26 мамырда 1-6 градус үсік күтіледі.
25 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. 26 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Астана қ.: 26 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
26 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
23 мамырда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Алматы облысының орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Алматыда күннің екінші жартысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 18 м/с. Қонаевта күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 18-23 м/с.
23 мамырда Қызылорда облысының шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
23 мамырда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде кей уақытта найзағай күтіледі.
23 мамырда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
23 мамырда түнде Қарағанды облысынның батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыста найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Астанада найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.