Мәзір
1 мамыр, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр

Іс-шара аясында елімізде тұратын түрлі этностардың мәдениеті мен өнерін таныстыратын арнайы көрме өтіп жатыр 

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр
Gov.kz

Астанадағы «Жастар» сарайында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Іс-шара аясында елімізде тұратын түрлі этностардың мәдениеті мен өнерін таныстыратын арнайы көрме өтіп жатыр. Көрмеге келушілерге әр ұлт өкілдері салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық тағамдарын көрсетуде. Кейін бұл іс-шара мерекелік концертке ұласады. Арнайы шақырылып отырған қазақ эстрадасының әншісі Ұшқын Жамалбек және «Жастар» сарайының шығармашылық ұжымы да өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Жұмысшы мамандықтар жылы мен Жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы нөмірлеріміз бар», – деді «Жастар» сарайының медиа бөлімінің басшысы Дильназ Мұрат.

Бүгінгі іс-шараны Астана қаласының Мәдениет басқармасы ұйымдастырып отыр.

Мерекелік концертте «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары – Зарина Божақова, Әлібек Әлмәдіұлы және Татьяна Ким, сондай-ақ шараның арнайы қонағы Құрмаш Махан өз өнерін ортаға салады.

«Қазақстан халқының бірлігі күні – сан түрлі этностардың өкілі бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан бейбіт әрі мызғымас мемлекетіміздің символына айналған мереке. Ол ұлттық бірлігіміздің беріктігін, көпэтносты қоғамымыздағы өзара құрмет пен сенімнің терең тамыр жайғанын паш етеді», – деді Дильназ Мұрат.

Көрме ұлттық дәстүрлердің бай мұрасын дәріптеп, қоғамдағы достық пен келісімді нығайтуға бағытталған.

Көп оқылды: