Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстаннан көлікті сатып алатын болды
Ол автокөлікті бірден ұнатып, ақ түске бояу керек екенін айтты
Түркістанға сапармен келген Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанда құрастырылатын көлікті сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Мәртебелі мейман Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қазақстандық тауар өндірушілердің көрмесін аралады. Онда жол талғамайтын көліктің үлгісі көрсетілді.
Бердімұхамедов Қазақстанда құрастырылатын автокөлікті бірден ұнатып:
Ақ түске бояңыздар. Сатып аламыз, әңгіме жоқ, - деді ол.
Еске сала кетейік, Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанға 21 сәуірде барған. Мәртебелі мейманды Түркістан әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Turkistan visit centre және «Этноауыл» кешенін аралап көрді.