Мәзір
8 сәуір, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Astana LRT ісі: Мемлекетке құны бір млрд теңгеге жуық нысандар мен жер телімдері қайтарылды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты үкім шығарған еді

Astana LRT ісі: Мемлекетке құны бір млрд теңгеге жуық нысандар мен жер телімдері қайтарылды Astana LRT ісі: Мемлекетке құны бір млрд теңгеге жуық нысандар мен жер телімдері қайтарылды
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

 

Астана прокуратурасы LRT ісі бойынша сот актілерінің орындалуына талдау жүргізіп, мемлекет пайдасына құны 920 миллион теңгелік активтер қайтарылды, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Прокуратураның мәліметіне қарағанда, "City Transportation Systems" ЖШС-нің (бұрынғы "Astana LRT" компаниясының) мемлекет, соның ішінде Астана қаласының әкімдігі тарапынан жалғыз құрылтайшы ретінде пайдасына қатысты сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді. Қадағалау шаралары нәтижесінде борышкерлер мемлекет балансына 40 жылжымайтын мүлік берді, cоның ішінде:

39 тұрғын емес үй-жай;

Ауданы 12,8 га темір жолдары бар асфальт-бетон зауытының қызмет көрсету мақсатындағы жер учаскесі бар.

Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 миллион теңге болды. Сонымен қатар мемлекеттің пайдасына құны 615 миллион теңге тұратын тағы 37 мүлік өндіріліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты үкім шығарған еді.

Сот үкімімен А кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Соттың 03.05.2023 жылғы үкімі бойынша тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы жалпы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, –делінген сот хабарламасында.

Көп оқылды: