«Ораза кезінде не шоу?!»: Баян Алагөзова жартылай жалаңаш жас жігіттермен биледі (ВИДЕО)
50 жастан асқан ол шоу жасамақ болған
Танымал продюсер Баян Алагөзова жеке концертін өткіземін деп, жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды Jarialike.kz.
50 жастан асқан ол шоу жасамақ болған. Қойылымдарының бірінде ашық киініп, жас жігіттермен билегені үшін жұрттан оңбай сөз естіп қалды.
«Жалаңаш шыға салмады ма», «Мұндай шоуыңа рақмет. Жасы келгенде абыройды да ойлау керек, жас емес», «Фигурам бар немесе ұялмаймын деп осылай жүруге бола ма?», «Ораза кезінде не шоу, әр нәрсенің орны бар емес пе!», «Көйлектің етегін сәл тізеге дейін түсірмедіңіз бе?», «50 жаста почти киімсіз халықтың алдына шығу», «Тайландтағы қыздардың киімі сияқты екен», - деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, бұған дейін сәлем салу дәстүрін сынаған продюсерді жұртшылық сынап тастаған еді.