Мәзір
11 наурыз, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

«Жабайылық»: Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынға алды

Продюсер бұл дәстүр тек оңтүстік облыстарда ғана бар екенін, ол өңірлерден батыр қыздар шықпағанын айтты

«Жабайылық»: Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынға алды «Жабайылық»: Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынға алды
Фото: Марат Кураков/Kazpravda.kz

Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін «жабайылық» деп атады, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Алматыға келгенімде Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. «Не үшін иілесің?» десем, «бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек» дейді. Бірі «сыйластықтың белгісі» деді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген, - деді ол. 

Продюсер бұл дәстүр тек оңтүстік облыстарда ғана бар екенін, ол өңірлерден батыр қыздар шықпағанын айтты.

Әжем «біздің әпкелеріміз ат үстінде жүрген» деп өсірді. Расымен, соғыс кезінде ерлік көрсеткен батыр қыздарымыздың дені Орал мен Ақтөбеден шыққан. Осы күнге дейін Шымкент пен Тараздан батыр қыздың шыққанын естідіңіз бе?! Демек батыстың қыздары еркіндікті жақсы көреді. Дәл осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын, - деді Баян Алагөзова. 

Фото: Баян Алагөзованың жеке парақшасынан алынған

Көп оқылды: