Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевты сот 24 жылға бас бостандығынан айырды.
Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.
Ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, Қуандық Бишімбаев 2023 жылдың 9 қарашасында адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Сотқа тартылған екінші күдікті Бақытжан Байжанбаев «Қылмысты жасырды» деп айыпталған.