ҰТО қызметіне заңсыз араласқан Орал қаласының екі тұрғыны сотталды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласы сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін екі азаматтың әрқайсысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
«Сондай-ақ, олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды. Анықталғандай, сотталушылар 2021-2022 жылдары Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына қол жеткізіп, көшірген. Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлады құзырлы орган.
Айкөркем Бахтиярқызы
ЕҰУ студенті
Фото: Қазақстан ҰҚК