Мәзір
19 ақпан, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Қазақстанда жануарлар мен құстарды аулауға жаңа лимиттер белгіленді

Лимиттер әр аймаққа бөлек белгіленеді.
 

Қазақстанда жануарлар мен құстарды аулауға жаңа лимиттер белгіленді Қазақстанда жануарлар мен құстарды аулауға жаңа лимиттер белгіленді
Фотосурет ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрінің м. а. 2025 жылғы 13 ақпандағы бұйрығымен 2025 жылғы 15 ақпаннан бастап 2026 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып саналатын жануарлар түрлерін алып қоюға лимиттер бекітілді. Мұны сайт тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Лимиттер әр аймаққа бөлек белгіленеді.
Жалпы, аң аулау кезінде аулауға рұқсат етіледі:

Қа­бан - 18 878
Ма­рал - 1 257
Елік - 14 068
Сібір та­у­те­ке­сі - 1 395;
Қоңыр аю – 185;
Сілеусін – 178;
Жа­нат тә­р­із­ді ит - 1 581;
Қарсақ - 15 888;
Түлкі - 63 516;
Борсық - 16 773;
Ақ­қіс - 6 086;
Бұлғын – 1 690;
Са­сық кү­зен - 24 237;
Қоян - 419 428;
Суыр - 292 514;
Он­датр - 72 764. 

Көп оқылды: