Мәзір
14 ақпан, 2025 / JariaLike / Аймақ

БҚО-да ауру тарататын тышқан тәрізді кеміргіштер саны 10 есе өскен

Мұның бір себебі су тасқынымен байланысты болған.

БҚО-да ауру тарататын тышқан тәрізді кеміргіштер саны 10 есе өскен БҚО-да ауру тарататын тышқан тәрізді кеміргіштер саны 10 есе өскен
Фотосурет kaz.inform.kz сайтынан

Kazinform ақпаратынша, Батыс Қазақстан облысында өткен жылы бүйрек синдромды геморрагиялық қызбамен ауырған 27 адам тіркелген. 
 БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, бұл былтырғы статистикадан (3) 24 дерекке көп. 

Оның сөзіне қарағанда, 2024 жылы Бәйтерек ауданында 14, Бөрліде 7, Орал қаласында 6 адам сырқаттанған.
— Мұның көбейіп кетуі себептерінің бірі көктемгі су тасқынымен байланысты болып отыр. Орал обаға қарсы станциясының ақпаратына сүйенсек, 2020-2024 жылдар аралығында өңірде тышқан тәрізді кеміргіштер саны 10 есе өскен. Аталмыш дертке шалдыққан науқастардың кеміргіштермен байланыста болғаны, балық аулауға шыққаны, шөп шабу жұмыстарына қатысқаны анықталды, - дейді Н.Мұстаев. 

Маманның айтуынша, бұл аурудың алдын алу үшін шөп шабу, егін орағы кезінде және кеміргіштер болуы мүмкін шаңды бөлмелерде респиратор қолдану керек. Екіншіден, кеміргіштермен ластануы ықтимал өнімдерді қолданбау маңызды. Сонымен қатар әкімдіктер тарапынан дератизациялық жұмыстар уақытылы жүргізілуі қажет.

Көп оқылды: