Таразда 15 жастағы оқушының өгей әкесінен жүкті болғаны анықталды. Мұны Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Соған сүйенсек, Екі айлық шақалақтың биологиялық әкесі 54 жастағы азамат екенін ДНК сараптамасы көрсетті. Азғындық жасаған өгей әке қамауға алынды.
Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлованың сөзінше, ҚР ҚК 120-бабы,3\1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқушының жүкті болғанын мектеп те, емхана да байқамаған. Дәрігерлер тек босанғанда ғана біліпті. Алайда олар оқушы қыздың уақтылы емханаға келіп, тиісті тексеруден тұрақты өтіп тұрғанынын айтады. Ақ халаттылар оның жанында әрдайым өгей әкесі жүргенін алға тартты.
Жүктілігінің бесінші айында Жамбыл жоғарғы мединицаналық колледжіне ауысқан оқушы оқу жылының ортасында босанған. Қазір ол академиялық демалыста.
Ал екі айдан бері нәрестені «немерем» деп келген өгей әке қамауға алынды. Қазір полиция департаменті өгей әкенің қаршадай қызды қанша жылдан бері қорлап келгенін анықтап жатыр.
- Бұл қыз дәрігерге үнемі осы өгей әкесімен қабылдауға келіп жүрген. Дене құқрылысында еш өзгеріс байқалмаған. Өз тарапынан шағым болмағаннан кейін, жүктілік бойынша есепке алынбаған, - дейді №7 Тараз емханасының бас дәрігері Әлия Шатаева.