Қысқы Азия ойындарының қызған шағы. Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде соңғы матчын өткізді.
Шешуші ойында Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасты. Қарсыластар тарапынан Кан Ю-Сёк ойынның бірінші кезеңінде есеп ашты. Сосын қазақстандықтардан Артем Лихотников (Өскемен)Тартысқа толы матчта отандастарымыз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Үшінші кезеңнің соңғы минуттарында өскемендік Роман Старченко Евгений Рымарев пасынан соң жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңдегі ойындарын жеңіліссіз өткізіп, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты.