Мәзір
6 ақпан, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Абай жылына арналған фестиваль

Shakarim University Абай жылының ашылуына орай Ұлы ақынның 180 жылдығына арналған іс-шаралар легін өңірде алғашқылардың бірі болып бастады. 

Абай жылына арналған фестиваль Абай жылына арналған фестиваль
Фото: Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі

Shakarim University Абай жылының ашылуына орай Ұлы ақынның 180 жылдығына арналған іс-шаралар легін өңірде алғашқылардың бірі болып бастады. Бүгін өткізілген «Abaistream» фестивалінің мақсаты – Абайдың әдеби мұрасы арқылы жастардың білімін арттыру, оның адамгершілік, ғылым, өнер және мәдениет саласындағы идеяларын насихаттау, сондай-ақ, ұлы ақын шығармашылығын XXI ғасыр жастарының көзқарасымен талдап, оны күнделікті өмірде қолдануға бағыт-бағдар көрсету. 

Фестиваль барысында поэзия, өнер, әлеуметтік және рухани құндылықтарды зерттеп, талқылауға арналған әр түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылды. «Abaistream» фестивалі бағдарламасы Абайдың «Толық адам» ілімі мен оның бүгінгі заманмен үндесетін ойлары негізінде құрылды.

Университеттің ректоры Думан Орынбеков фестивальдің салтанатты ашылуында Абай ой-тұжырымдарының ұрпақ тәрбиесіндегі орнын ерекше бағалады. 

«XXI ғасыр білім беру жүйесіндегі mainstream – «Толық адам» ілімі» тақырыбында ұйымдастырылған сайнс-кафеде бас қосқан Бауыржан Ердембеков, Бағашар Тұрсынбайұлы,  Әзімхан Исабек, Аида Қайырбекова, Қуат Қиықбай сынды абайтанушы ғалымдар бүгінгі абайтану мәселелері туралы ойларын ортаға салды.

Фестиваль аясында «Абайдың «Толық адам» ілімі: әлеуметтік интеллект» тақырыбында пікірталас алаңы, «Абайдың кісілік кодексі» тренингі, «Абай және Art» шеберлік сабағы өткізілсе, тоғызқұмалақшылар ұлттық ойынды тағы бір түлетті.  Сонымен қатар, Абай әндерін орындаушылар «Абай және ән өнері» республикалық байқауында өнер көрсетсе, фестивальді іскерлік ойындар, еріктілер басқосуы, поэзия пленэрі т.б. іс-шаралар толықтырды.

 

Көп оқылды: