Мәзір
5 ақпан, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Мемлекет басшысына халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
Фотосурет kaz.inform.kz сайтынан

Kazinform мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 
Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды компаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды. 
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды. 

Көп оқылды: