Іс-шараның мақсаты - ұлттық құндылықтарды насихаттау және батылдық пен бауырластықты нығайту.
Абай ауданына қарасты 9 ауылдық округтен 50 аттан шығып, әр ауылдан бұрын атқа мініп көрмеген 4 жастан -15 жасқа дейінгі 50 бала қатысты. Балалар ашамайға отыруға 2 ай бойы дайындалып, атқа мінудің негіздерін үйренді.
Осылайша түркітілдес мемлекеттер арасында жаңа рекорд орнатылып, нәтижесі Қазақстан рекордтар кітабына енді.
Игі бастаманы мектеп директорлары, ұстаздар, белсенді жастар қолдап, балалардың қауіпсіздігін ескере отырып, дайындады.
Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов 500 жас шабандозды қатарға қосып, Қазақстан бойынша белгіленген рекорд үшін сертификатты салтанатты түрде табыс етті.
Абай облысы Білім басқармасы