Брды ландшафтты саябағындағы құндыздар екі күнде бөгет салып, Чехия мемлекетіне шамамен 30 миллион крон (1,2 миллион доллар) үнемдеді. Бұл туралы Kazinform ТАСС мәліметіне сүйеніп хабарлады.
ČT24 порталының хабарлауынша, құндыздар қорғалатын Брды ландшафт саябағында бірнеше бөгет тұрғызып, аумақты табиғи, батпақты қалпына қайтарған.
– Саябақ әкімшілігі аумаққа табиғи сипат беруді жоспарлаған, бірақ мұны жануарлар жүзеге асырды. Осының арқасында 30 миллион кронға дейін үнемделді, - деді ландшафттық саябақ басқармасының басшысы Богумил Фишер.
Зоолог Иржи Влчектің айтуынша, құндыздар бір немесе екі түнде бөгет салуға қабілетті.