Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен оның сыбайласына сот үкімі шықты.
Болат Мажағұлов 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Еске сала кетсек, Болат Мажағұлов былтыр күзде ұсталып, оған және мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде, яғни бір миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған еді.